Date of publication: 24.10.2016 15:13
Date of changing: 24.10.2016 18:19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз-релизі

ҚР ҚМ МКК төрағасы Дәулет Ерғожин Ресей кеден академиясында дәріс оқыды.

 

 

             2016 жылғы 24 қазанда Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметіне сапары аясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин Ресей кеден академиясына барды.  Ол тыңдаушыларға «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды саралаудың құрал-жабдықтары мен механизмдері» тақырыбында сөз сөйлеп дәріс оқыды.

Бұл кездесу Ресей кедендік қызметінің құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылды.

Академияның Санкт-Петербор және Ростов филиалдарының студенттері, сондай-ақ Астана қаласында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушылары дәрісті online режимде тыңдады.

Сонымен қатар, Қазақстанның барлық аймақтарындағы мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері телемост арқылы бұл дәрісті тыңдау мүмкіндігіне ие болды.

Д.Ерғожин өз сөзінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды рәсімдеу сатысында тек ғана кедендік емес, сондай-ақ салықтық ақпараттық базалар және экономикалық тергеу қызметінің мәліметтері арқылы санаттарға бөлу маңыздылығын атап өтті.  Ол тыңдаушылардың назарын СЭҚ қатысушыларды санаттарға бөлу жұмысының бюджетке фискалды түсімдерді көбейту және СЭҚ адал қатысушылардың кедергілерін азайту бойынша қойылған мақсаттарға сәйкес келетіндігіне аударды. Ал олардың қызметін үзбей саралау кедендік заңнаманы бұзуға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Дәріс аяғында мазмұнды пікіралмасу болды.

Дәулет Ерғожин Ресей кеден акадмеиясында білім алып жатқан қазақстандық студенттерге білім алуда табыс тіледі, академияда бар техникалық құралдармен және бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасау тәжірибесін меңгеруді, шет тілдерін тереңдеп оқуды тапсырды.

Академия бастығы Владимир Мантусов және факультет декандарымен кездесуде Дәулет Ерғожин профессорлық-оқытушылық құрамды қазақстандық студенттердің сапалы білім алуына, спортпен шұғұлдануына жасаған жағдайы үшін алғысын білдірді.

ҚР ҚМ МКК төрағасы студенттер алдындағы жыл сайынғы сөз сөйлеулердің маңыздылығын атап өтті және академия бастығын бұл жұмыстың оның ішінде online режимде жалғасатындығына сендірді.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)