Date of publication: 29.04.2015 21:06
Date of changing: 19.02.2016 17:57

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жария етуге    құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жатады.

Сонымен бірге, жария ету үшін мүлікті жария ету алымын төлеу қажет Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан осындай ғимараттар мүлік тізбесіне енбейді.

Мүлікті жария ету жария ету субъектілерімен комиссияға құжаттар тапсыруы арқылы өткізілетіндігі Заңда айтылған.

Аталғандардан барлық қажетті құжаттарды жинау, осындай құжаттарды қоса беріп өтініш беру жеткілікті екендігі және комиссия шешім шығаруы тиіс екендігі белгілі болды.

Яғни, осылайша, маған енді бір органнан екінші органға жүгіріп, осылар үшін өз уақытымды кетірудің қажеті жоқ,  тек бір жерден құжаттарды берсем дайын болады!

Мен бұл заңды көбіне мүлікті тіркеу рәсімдерін жеңілдету жолы деп атаушы едім. Былай қарасаң, барлық қажетті құжаттар ұсынылады, ол өздігінен мүлікті тіркеудің заңдылығы туралы айтады, ал субъектілермен жұмыс барынша аз жүргізіледі. Адамдар ұзақ апталар бойы кабинеттерден өтуден шаршап жүрген кезде осы туралы армандайды, ал ақыры енді осы күн туды. 

Аталғандардың кепілі ретінде Заңның 15-бабы саналады, онда Заңмен белгіленген талаптарды бұзу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады делінген. 

Айтылғандарды қорытындылай отырып, бар даусыммен айқайлап: «Адамдар, тезірек мүліктеріңді жария етуге жүгіріңдер!» және «Осы Заң үшін рахмет» деп айтқым келеді.