Date of publication: 29.04.2015 20:28
Date of changing: 19.02.2016 18:11

 

Қазақстан Республикасындағы алғашқы ақшаны жария ету  2001 жылғы 14 шілдеден 14 тамыз аралығында өтті.

Оны өткізу тәртібі мен мерзімдері «Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың ақшаны жария етуіне байланысты рақымшылық ету туралы» ҚР 2001 жылғы 02 сәуірдегі Заңымен реттелді.

Ақшаны жария етуді өткізу кезінде ҚР азаматтары екінші деңгейлі банктердегі арнайы есепшоттарға ақшаларын енгізу арқылы біржолғы науқан ретінде өткізілді.

Осы Заңға сәйкес, ақшаны жария етуді растау екінші деңгейлі банктермен оның арнайы есепшотына жария етілген ақшаны енгізгенін растайтын берілген құжат болып табылады.

Заңмен ақшаны жария еткен субъектілердің жария етілген кірістерге салық төлеуден және тиісті жауапкершіліктен босатылауына кепілдік берілді. Рақымшылық нәтижесінде 3 мыңдай ҚР азаматы 480,0 млн. астам АҚШ долларын жария етті.

2006-2007 жылдардағы жария етуге тек ақша ғана емес жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жатты.  Осы ерекшелікті және мерзімдерді ұзартуды ескере отырып, науқан 2006 жылғы 3 шілдеден 2007 жылғы 1  тамызға дейін ұзақ сипат алды.

Мүлікті жария етуді өткізу тәртібі «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР 2006 жылғы 05 шілдедегі Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттелді.

2006 жылғы Заң нормаларына сәйкес,  мүлкiн жария еткен азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жекелеген қылмыстар әкімшілік құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.

Сонымен бірге, 2006 жылғы Заңмен мүлікті жария етуді өткізу үшін мүлiктi жария еткенi үшiн жария етілген мүліктің құнынан 10% көлемінде алым көзделді. Осы науқанды өткізу нәтижесінде:

 - 844,7 млрд теңгеге, немесе  6,8 млрд АҚШ долларына (8,3%  2006ж. ЖІӨ) мүлік жария етілді, соның ішінде, – 538,4 млрд теңге (барлық мүліктен 63,7%), жылжымайтын мүлік –  236,2 млрд теңгеге;

- республикалық  бюджетке 59,6 млрд. теңге, немесе 483 млн АҚШ доллары түсті (мүлікті жария еткені үшін алым).