Date of publication: 04.02.2021 16:47
Date of changing: 04.02.2021 18:13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Көлік салығын МКК порталында есептеуге болады

 

Азаматтардан өтініштердің көптеп түсуіне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдары салығын қалай оңай есептеуге болатынын еске салды.

 

Ол үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz порталындағы Калькуляторды ашып, онда салық кезеңін, көлік құралының түрін және қозғалтқыш көлемін көрсетсе болды. Электронды сервис тиісті салықты өзі есептеп береді.  

Калькулятор порталдың негізгі экранындағы «Электронды сервистер» бөлімінде орналасқандықтан, оны жылдам табуға болады.

«Биылғы жылдан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғалардың 2020 жылға арналған көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеу керек», -деп атап өтті Комитеттің баспасөз қызметінде.  

Осыған орай, өсімпұлдарды есептеу алгоритмі де қайта қаралған екен.

 

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы 31 желтоқсанда жеке тұлғаларға мүлік, жер және көлік салықтары бойынша салықтық рақымшылық аяқталғанын хабарлап, осы мүмкіндікті еліміздің 1 млн.-нан астам азаматы қолданғанын және олардың 2 млрд. теңге сомасындағы салыққа қарыздары кешірілгенін жеткізген болатын.