- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 19.04.2019 19:14
Date of changing: 24.05.2021 18:23
Құрметті салық төлеушілер!
Сіздер үшін әзірлеуші жиынтығы қолжетімді, ол өзінде келесілерді қамтиды:
· "Салық төлеушінің жеке шоттарында төленген сомма туралы мәлімет ұсыну қызметі" API сервисі бойынша құжаттамасын;
· " Салық төлеушінің жеке шоттарында төленген сомма туралы мәлімет ұсыну қызметі" API сервисі бойынша XML форматында сұрау үлгісін;
· XSD форматындағы өзара іс-қимыл пішімдері;
· SoapUI үшін "Салық төлеушінің жеке шоттарында төленген сомма туралы мәлімет ұсыну қызметі" API сервисінің жобасын құрайды.
API сервисі қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1-қадам:
Әзірлеушінің жиынтығын жүктеп алу.
2-қадам:
SoapUI пакетінде салық төлеушінің жеке шоттарында төленген соммалары туралы мәлімет ұсыну қызметі бойынша жобасы орналасқан XML файл жүктелген. Жобаны ресми сайтта жүктеуге болатын SoapUI-де ашу керек. Жобаны ашқаннан кейін әдіс пен сервисті сипаттау сілтемелерін табу қажет.
1-сурет - "Салық төлеушінің жеке шоттарында төленген сомма туралы мәлімет ұсыну қызметі" жобасын қарау
2-сурет-қалыптастырылған сұрауды қарау
3-қадам:
Аутентификация және сұрау үшін тиісті деректерді толтыру (сервис адресі, сервиске қосылу үшін токен). Бұдан әрі қалыптасқан сұрауды іске қосу қажет. Сұраныстың сәтті өңделуінің нәтижесі - алынған жауап-хабарлама болып табылады.
Назар аударуыңызды сұраймыз, жүйеде шектеу орнатылған: бір токен бойынша бес секунд ішінде үш сұрау ғана қабылданады.