Date of publication: 02.05.2024 10:26
Date of changing: 02.05.2024 10:32

      2024 ж 2 мамыр​​​​​​​ Қостанай қ.

     Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері "Қайрақ" АПП-да құны 230 млн. теңгеден асатын криптовалюта өндіруге арналған жабдықты Ресей Федерациясына заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ведомство.
    Департаменттің мәлеметінше 2023 жылдың қараша айында Қазақстанда тіркелген "А" ЖШС 640 серверді шетелге шығаруға тырысты. Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен әкімшілік іс қозғалып, қазіргі уақытта аяқталды. Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
    МКД "Ерекше тауарларды бақылау туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес тиісті рұқсат құжаттарынсыз нақты тауарларды тасымалдауға тыйым салынғанын еске салады.