Жарияланған күні: 01.11.2022 20:53
Өзгертілген күні: 01.11.2022 20:59

       «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын кез-келген тәсілмен әкелу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатуды қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімімен (бұдан әрі – ЕЭК шешімі) белгіленген Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу жағдайлары мен шарттары тізбесінің 9-тармағына сәйкес, сондай-ақ  Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 9 маусымдағы № 85 хаттамасының 3.2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

       Жобаны қабылдау мақсаты №107 Шешімнің шеңберінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 00 2 кодымен жіктелетін электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын әкелуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтерді, осы тұлға әкелген осындай тауарлардың саны мен олардың құнын қамтитын құжат ретінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияны айқындау болып табылады, ол кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып, осындай тауарларды әкелуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

       Қаулының жобасы 2022 жылғы 26 қазанда https:// https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14257196    ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

       Қаулының жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы  26 қазанға дейін.