Жарияланған күні: 12.01.2024 21:40
Өзгертілген күні: 12.01.2024 21:46

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрықтың жобасын  (бұдан әрі- Жоба) әзірледі.

Жобаны қабылдаудың мақсаты «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарын сақтау болып табылады, ұсынылып отырған түзетулер оны Заңда белгіленген құзыретке сәйкес «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруде осы бақылау-есепке алу аспаптарының операторы болатын көздейді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Осы бұйрық 2024 жылғы 11 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14890730.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 25 қаңтарына дейін.