Жарияланған күні: 17.11.2022 18:53
Өзгертілген күні: 17.11.2022 18:56

Құрметті салық төлеушілер!

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 18.11.2022 жылы Астана қаласы уақыты бойынша сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін «электрондық шот-фактурала» ақпараттық жүйесінде, жүйенің бос тұруымен жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы Сіздің назарыңызға жеткізеді.

Жүйені жаңарту келесі функционалдылықты қосу мақсатында жүзеге асырады:

1. Кедендік рәсімдердің кодтары 40, 70 және алдыңғы кедендік рәсімдермен бірге тауарларға декларация (Тауарларды шығару туралы өтігіш – бұдан әрі ТШТӨ) берілгенге дейін тауарларды шығару туралы АСТАНА-1 АЖ-дан электрондық өтініштерді қабылдау 00, 70, 77, 53, 51, 21, 78, 90, 91, 93, 96:

«Шығарылды» және «шығарылым жойылды» мәртебесі бар ТШТӨ алған кезде жүйе ЭШФ АЖ веб-порталында ТШТӨ журналына деректерді енгізеді;

ТШТӨ бойынша тауарлар автоматты түрде виртуалды қоймаға (ВҚ) түседі. Жүйе ТІЖ ресімдеу және ЭШФ үзінді көшірмесі арқылы ҚР ішінде ТШТӨ бойынша тауарды өткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Егер тауар алып қою тізбесінен алынған жағдайда, жүйе ЕАЭО елдеріне ТШТӨ бойынша тауарды сатуға автоматты түрде тыйым салады.

Тауар бөлігінде ТШТӨ нөмірін көрсете отырып, ТД алған кезде жүйе құжаттарды автоматты түрде байланыстырады және ВҚ-дағы тауар қалдықтарындағы ТШТӨ ТД-ға келу құжатының нөмірін ауыстырады.

ТШТӨ күшін жою ТД-ға ұқсас жүреді, жүйе импорттаушының ВҚ-нан тауарларды есептен шығарады және түпкілікті алушыларға тауарлардың күшін жою және жойылған тауарды қайтаруға қосымша ЭШФ/ТІЖ жазып беру қажеттілігі туралы хабарламалар жібереді.

2. API сервисі (queryDocumentZvtByRegnumRequest) тіркеу нөмірі бойынша ТШТӨ тізімін есептік жүйеге беру.

3. API сервисі (queryDocumentZvtByPeriodRequest) ЭШФ АЖ-ға оларды өңдеу кезеңі бойынша ТШТӨ есептік жүйесіне беру.