
2022 жылғы 21 желтоқсанда ҚР ҚМ МКК ОӘО Өңірлік салық орталығы BRITACOM Хатшының қолдауымен, сондай-ақ ҚР ҚМ МКК ХЫБ көмегімен «Салық саласындағы үлкен деректерді басқару және қолдану» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты – салық әкімшілігінің үлкен деректерін басқару және қолдану бойынша өзекті мәселелерді талдау болып табылады.
ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының басшысы – Казакпаева Бахытгуль Джумабаевна вебинардың ашылуында құттықтау сөз сөйледі.
Семинардың өзектілігі басқа елдердің жаңа үрдістері мен тәжірибесіне, сондай-ақ салық инспекциясы қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыру және тиімділігі үшін үлкен деректерді басқаруға байланысты.
Вебинар "ZOOM" платформасында орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармашыны тарта отырып өткізілді.
Вебинардың спикері – Siemens AG салық бөлімшесінің жаһандық басшысы, ICC салық комиссиясының төрағасы – профессор Кристиан Кесер болды.
Вебинарға ҚР аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері – 90 адам, ОӘО өкілдері – 4 адам қатысты.
Вебинарға қатысушылар үлкен деректермен жұмыс істеу бойынша проблемалық сұрақтарды талқылауға және оларға жауап табуға мүмкіндік алып, осы бағытта пікір алмасты.