Жарияланған күні: 12.06.2023 17:43
Өзгертілген күні: 12.06.2023 17:44

 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №539 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы Министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде әзірленді (2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).

Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына олардың күшін жоғалтуға және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін қабылдауына байланысты сілтемелерді алып тастау бөлігінде редакциялық түзетулерді көздейді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14598561) 2023 жылғы 6 маусымда орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылау мерзімі – 2023 жылғы 20 маусымға дейін.