
«Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Ерекшеліктерін айқындау туралы), 2023 жылғы 01 маусымдағы ҚР Премьер-министрінің № 90 Өкімін орындау мақсатында, орталықсыздандыру бойынша шаралар жүзеге асыру шеңберінде жобаланған.
Сонымен қатар, көрсетілген нормативтық-құқықтық актіні қабылдау, 2023 жылғы 19 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының әкімшілік реформаларының сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституцияларының заңдарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және 2023 жылғы 19 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының әкімшілік реформаларының сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалары актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына байланысты жүзеге асырылған.
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 14-1) және 14-2) тармақшаларын толықтырылуына байланысты, ҚР Қаржы министрлігіне осы «Ерекшеліктерін айқындау туралы» бұйрығының жобасын дайындауға тапсырылған.
Көрсетілген нормативтық-құқықтық акті жобасының мақсаты, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаның (эксперименттің) шеңберінде, кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін айқындауы, тауарлар санатының бөлуі, іске асырушы өңірлерді белгілеу, сондай-ақ техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін бекіту.
Сонымен бірге, аталған бұйрық жобасы «Ашық нормативтік құқықтық актілері» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14606392 2023 жылғы 13 мамырында қоғамдық пікір үшін орналастырылған.