Жарияланған күні: 07.04.2023 15:44
Өзгертілген күні: 07.04.2023 15:45

Бүгін Комитет төрағасы Д.Жанәлінов Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Дюшекеевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазақстан-қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің 10-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын, ЕАЭО елдерімен өзара саудада тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) шығару мәселелерін, сондай-ақ конвенциялық Достық-Алашанькоу шекарасы арқылы жүктерді тасымалдауға тыйым салынғанын талқылады.

Талқылау барысында Д.Жанәлінов Еуразиялық экономикалық одақтың шарттық-құқықтық базасы аясындағы ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Д.Дюшекеев өз кезегінде Қырғызстанның салық және кеден қызметтеріне бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруда көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу достық және жылы жағдайда өтті.