
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес жобада Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп қайта аталуға байланысты редакциялық түзету енгізу мақсатында «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті, алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 634 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Осы бұйрық 2022 жылғы 3 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14279143