Жарияланған күні: 07.03.2023 18:44
Өзгертілген күні: 07.03.2023 18:47

       «Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы №143 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

        Бұйрықпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімдер тізбесіне кіретін патогендік биологиялық агенттерді өткізуді бақылауды жүзеге асыру кезінде Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекітуді көздейді.

        Мемлекеттік кірістер органдарымен «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес бақылауды жүзеге асыру шеңберінде биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды жүргізіледі.