
Мемлекеттік кірістер комитеті «Байланыс-орталығы үздік қызметкері» атағына 17 МКД және КГД арасындағы ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың тамыз айына конкурс өткізді.
Конкурс аумақтық МКО қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу арқылы өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:
- Дербес деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
- Берілген сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
- Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне жауап бере білу.
Аталған конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен қызметтердің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
2022 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша Ақмола облысы МКД Аршалы ауданы бойынша МКБ жетекші маманы – Сафронов Сергей Николаевич «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» болып танылды.
Сафронов Сергей Николаевич, Мемлекеттік кірістер органдарында 1994 жылдан бастап жұмыс істейді, жұмыс уәкілі 28 жыл. Жұмыс барысында өзін жақсы аналитик, ұйымда жұмыс жасай білетін, қойған тапсырмаларды тез арада орындай білетін маман ретінде көрсете білді.