Жарияланған күні: 22.08.2023 18:42
Өзгертілген күні: 13.09.2023 18:10

Құрметті салық төлеушілер!

 

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ҚМ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы), оның ішінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары әзірленгенін хабарлайды.

        Бұйрықтың осы жобасында акцизделетін өнімге: газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отынға «Виртуалды қойма» модулі арқылы ТІЖ ресімдеу және ЭШФ жазып беру көзделеді (Салық Кодексінің 462-бабының 5) тармақшасы).

        Бұдан басқа, валюталық бақылау функцияларын мемлекеттік кірістер органдарының қарамағына беру шеңберінде валюталық шарттың нөмірін көрсететін (экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша 50 000 АҚШ доллары баламасынан жоғары) ТІЖ-ға қосымша жол енгізіледі.

       Сондай-ақ, бұйрықтың осы жобасымен құқық қолдану практикасын ескере отырып, нақтылаулар мен редакциялық түзетулер енгізілді.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА (LEGALACTS) порталында орналасқан.

(https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14393976).

        Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.