Date of publication: 29.06.2021 16:01
Date of changing: 29.06.2021 16:02

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
9 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуымен байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу және айналымының кейбір мәселелері туралы» Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 Шеміне сәйкестендіру, сонымен қатар ЕАЭО мүше елдерге тауарларды экспорттаушы отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында әзірленді.

Бұйрықтың жобасы қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында редакциялық өзгерістерді көздейді.

Бұдан басқа, бұйрық жобасы СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттың түпнұсқасы талап етуді алып тастауды және ЭШФ мерзімін, өтініш түскен кезден бастап, бір тәуліктен үш сағатқа дейін қысқартуды көздейді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (http://legalacts.egov.kz) 21 маусымда орналастырылды.

Бұйрықтың жобасын жария талқылау мерзімі – 2021 жылғы 5 шілдеге дейін.