Date of publication: 10.07.2026 23:13
Date of changing: 13.07.2026 10:31

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарының (ТІЖ) және электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) нысандары жаңартылғанын хабарлайды.

Осыған байланысты, есепке алу (бухгалтерлік) жүйелерін пайдаланушыларға конфигурациялар мен интеграциялау тетіктерінің өзекті жаңартуларын орнатуды ұсынамыз. Web-портал пайдаланушыларына браузердің кэші мен қаралу тарихын тазалап, содан кейін ЭШФ АЖ-ға қайта кіруді ұсынамыз.

Аталған ұсынымдарды орындау жаңартылған нысандармен дұрыс әрі тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.