Date of publication: 20.03.2026 21:23
Date of changing: 20.03.2026 21:26

Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық есептілігін өңдеу сервистері» (СЕӨС) ақпараттық жүйесі мен Салық төлеушінің ескі кабинетінің (бұдан әрі – ескі СТК) толық өшірілуіне байланысты салық есептілігі нысандарын кезең-кезеңімен өшіру жоспарланғаны жайлы хабарлайды.
1. 2026 жылғы 26 наурыздан бастап СЕӨС-де және ескі СТК-де келесі СЕН-дары өшіріледі:
1) 200.00 СЕН – Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
2) 200.03 СЕН – Құрылымдық бөлімшелері бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша;
3) 300.00 СЕН – Қосылған құн салығы бойынша декларация;
4) 400.00 СЕН – Акциз бойынша декларация;
5) 421.00 СЕН – Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебінің нысаны;
6) 860.00 – СЕН – Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;
7) 870.00 СЕН – Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы бойынша декларация;
8) 910 СЕН – Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация.

2. 2026 жылғы 2 сәуірден бастап СЕӨС-де және ескі СТК-де келесі СЕН-дары өшіріледі:
1) 220.00 СЕН –Жеке табыс салығы бойынша декларация;
2) 328.00 СЕН – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
3) 700.00 СЕН – Көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация;
4) 920.00 СЕН – Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация.

СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.
Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары ондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.