Date of publication: 08.10.2025 19:40
Date of changing: 08.10.2025 19:46

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) кейбір пайдаланушыларда тіркеу және құпиясөзді өзгерту кезінде электрондық поштаға сілтемелердің жеткізілуіне байланысты қиындықтар туындағанын хабарлайды.
Қазіргі уақытта ЭШФ АЖ-нің пошта қызметі қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, тіркеу немесе құпия сөзді өзгерту барысында ЭШФ АЖ пайдаланушы нұсқаулығын (3-бөлім Пайдаланушыларды тіркеу) https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1 сілтеме бойынша қолдану ұсынылады.