
Құрметті пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 28 шілде сағат 02:00 бастап 07:00-ға дейін "Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар" ақпараттық жүйесінде (ОСДШ АЖ) техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде ОСДШ АЖ ақпараттық жүйесінің сервистері қолжетімсіз болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан дербес шотта оң сальдо қалыптастыру мақсатында КТжС төлеуді алдын ала жүргізуді сұраймыз.
Тудырған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.