Date of publication: 31.03.2023 17:30
Date of changing: 31.03.2023 17:32

        3 наурыздан азаматтардың банкроттыққа арыздарын қабылдау басталды, бүгінгі күнгі жағдай бойынша (2023 жылдың 31 наурызы) 34 мыңнан аса арыздар келіп түсті.

       Негізінен арыздар eGov.kz электрондық Үкімет порталы арқылы (94%), e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (6%) түсуде.

       «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңның талаптарына сәйкес 15 жұмыс күн ішінде мемлекеттік кірістер органдары азаматтың келесі талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді:

  1. банктер, микроқаржылық ұйымдар (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыз 5,5 млн.теңгеден аспауы (1600 АЕК);

        2) қарыздың өтелмеуі 12 айдан асуы;

        3) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (автокөлік, пәтер, үй, жер телімі, банктегі депозит және т.б.);

        4) банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борыштар бойынша реттеу рәсімінің жүргізілуі.

      Атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай қатарынан алушылар үшін және берешегі 5 жылдан артық өтелмеген азаматтар үшін бөлек тексеріс жүргізіледі.

      Аталған негіздерге сәйкес келу тіркейтін мемлекеттік органдар, банктер мен кредиттік бюроның электрондық базаларымен есеп айырысу арқылы «Qoldau» Жеке тұлғалардың банкроттығы Ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жүргізіледі.