
2022 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасы тарапынан Қаржы министрлігі және Қырғыз Республикасы тарапынан Экономика және коммерция министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік салық қызметі және Мемлекеттік кеден қызметі арасында жұмыс кездесуі өтті.
Қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының тауарларын есепке алудың ұлттық жүйесін – электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін (ЭШФ АЖ) таныстырды.
Кездесу барысында Тараптар «ЭШФ» АЖ функционалын, оның мүмкіндіктерін, соның ішінде тауарларды есепке алудың ұлттық жүйесін құру мен дамытуды талқылады. Сондай-ақ 2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың импорты мен айналымының кейбір мәселелері туралы хаттамаға (Бурабай хаттамасы) сәйкес қазақстандық Тарап электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінен ЕАЭО елдеріне мәліметтер беру мәселелері қаралды.
Кездесу нәтижесінде екіжақты хаттамаға қол қойылды.




























