
2022 жылғы 20 - 22 сәуір аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментімен бірлесіп «Арнайы салық режимдерін қолдану шарттары» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – арнаулы салық режимдерінің қолдану саласындағы мемлекеттік кірістер жұмыскерлерінің құзыретін арттыру, осы саладағы проблемалық мәселелерді талқылау, олардың шешімі туралы ұсыныстар беру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
21 сәуір күні сағат 15.00-де семинар тыңдаушылары үшін Polycom бейнеконференцбайланыс арқылы дәріс оқылды.
Дәріскер ретінде:
- Ахметова Алтынай Каиржановна – ҚР ҚМ МКК Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасы басшысының м.а.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 134 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.