Дата публикации: 19.01.2022 16:58
Дата изменения: 19.01.2022 17:06

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау бойынша 2022 жылға арналған

жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабының 21-тармағына және 13-баптың 13-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қазандағы №595 бұйрығын орындау үшін, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау бойынша 2022 жылға арналған іс-шараларды өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарлар өткізу жоспары;

2)  осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дүниежүзілік кеден ұйымы Өңірлік оқу орталығының халықаралық іс-шараларды өткізу жоспары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Өңірлік салық орталығының халықаралық іс-шараларды өткізу жоспары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес алғаш қабылданған лауазымды адамдарға арналған кәсіби даярлау курсының оқу-тақырыптық жоспары бекітілсін.

2. Комитеттің Оқу-әдістемелік орталығы осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

3. Комитеттің Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармаcы (А.Ы. Қабдуақасов) осы бұйрықты Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемелері басшыларының назарына жеткізсін.

4. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің басшылары сеніп тапсырылған бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау іс-шараларының өтуіне қатысуын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Төраға орынбасарына (Қ.К. Жұмағұлов) жүктелсін.

6. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

            

Төраға                                                                           Ә. Алтынбаев