
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 27-бабының 3-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидасын бекітуді көздейді.
Мемлекеттік кірістер органдарымен «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады.
Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастырылды.