Date of publication: 14.06.2022 12:14
Date of changing: 14.06.2022 12:16

Жаңа облыстардың салық төлеушілеріне салық органдарында қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ

Жаңа облыстардың заңды тұлғаларына, жеке кәсіпкерлеріне, жеке тұлғаларына қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ. Өйткені, ақпараттық жүйелерде салық төлеушілерді қайта тіркеу автоматты түрде жасалады. Сондай-ақ, бақылау-касса машиналары (БКМ) тіркелген мекен-жайлар да автоматты түрде жаңартылады.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер күшіне енген соң, мемлекеттік кірістер органдарының жаңартылған кодтары https://kgd.gov.kz интернет порталында жарияланатын болады. Жаңа кодтар салық есептілігін тапсыру және салықтарды төлеу үшін қажет.