Жарияланған күні: 24.10.2016 16:05
Өзгертілген күні: 24.10.2016 16:14

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қазакстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар  министрлігі «МТҚ» РМК-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі- ҚР ҰКО) және Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының (бұдан әрі- ҚР НКО) негізгі сертификаттарын Google Chrome, Mozilla, Internet Explorer және т.б. браузерлерге қосу мақсатында ҚР ҰКО және ҚР НКО халықаралық Web Trust стандартының талаптарына сәйкестікке сертификаттау аудитінен өткізу жұмыстарының жүргізілуін хабарлайды. Бұл  көрсетілген браузерлердің  ҚР ҰКО берген SSL сертификаттарын пайдаланатын веб-сервистерге деген сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. WebTrust талаптарына сәйкестікке сертификаттаудан өткен куәландырушы орталықтары әлемдік деңгейде тексерілген және сенімді мәртебесіне ие болады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, дауыс беру парағына өтіп, ҚР ҰКО және ҚР НКО  негізгі сертификатын танымал браузерлерге қосу жөнінде өз пікіріңізді білдіруді сұраймыз. Осы дауыс беру ҚР ҰКО және ҚР НКО  негізгі сертификаттарын аталған браузерлерге қосу процедурасына ықпал етеді.

 

https://ru.surveymonkey.com/r/XVP5LSZ сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге қатысуыңызды сұраймыз.