Жарияланған күні: 10.10.2019 12:25
Өзгертілген күні: 24.05.2021 17:47

Құрметті салық төлеушілер !

Сіздер үшін әзірлеуші жиынтығы қолжетімді, ол өзінде келесілерді қамтиды:

  • "Салық төлеуші есептеу қызметі: жер, мүлік, көлік" API сервисі бойынша құжаттамасын;
  • "Салық төлеуші есептеу қызметі: жер, мүлік, көлік" API сервисі бойынша XML форматында  сұрау үлгісін;
  • XSD форматындағы өзара іс-қимыл пішімдері;
  • SoapUI үшін "Салық төлеуші есептеу қызметі: жер, мүлік, көлік" API сервисінің жобасын құрайды.

 

API сервисі қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1-қадам:

Әзірлеушінің жиынтығын жүктеп алу.

2-қадам:

SoapUI пакетінде салық төлеушінің жер, мүлік, көлік салықтары бойынша есептеу құжаттары туралы ақпарат ұсыну қызметі бойынша жобасы орналасқан XML файл жүктелген. Жобаны ресми сайтта жүктеуге болатын SoapUI-де ашу керек. Жобаны ашқаннан кейін әдіс пен сервисті сипаттау сілтемелерін табу қажет.

 

1-сурет - "Салық төлеуші есептеу қызметі: жер, мүлік, көлік " жобасын қарау

 

2-сурет-қалыптастырылған сұрауды қарау

3-қадам:

Аутентификация және сұрау үшін тиісті деректерді толтыру (сервис адресі, сервиске қосылу үшін токен). Бұдан әрі қалыптасқан сұрауды іске қосу қажет. Сұраныстың сәтті өңделуінің нәтижесі - алынған жауап-хабарлама болып табылады.

Назар аударуыңызды сұраймыз,  жүйеде шектеу орнатылған: бір токен бойынша бес секунд ішінде үш сұрау ғана қабылданады.