Date of publication: 05.12.2025 18:26
Date of changing: 05.12.2025 18:33
Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 5 желтоқсанда сағат 21:00-ден бастап 7 желтоқсанның сағат 21:00-не дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жүйенің жұмыс қабілеттілігін арттыру мақсатында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.
Бұл ретте, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 5-7 желтоқсан үшін ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды:
- 2025 жылғы 8 желтоқсаннан бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2025 жылғы 8 желтоқсаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.