Жарияланған күні: 03.03.2022 14:54
Өзгертілген күні: 03.03.2022 14:54

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау енгізілді, оның мақсаты көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу 4 кезеңнен тұрады.

Жинақталған активтерді және бар міндеттемелерді тіркеу үшін жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс еткен жылдан бастап, келесі жылдан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсыну қажет.

Бірінші кезең мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ аталған тұлғалардың жұбайларына (2021 жыл) қатысты болғандықтан, 2022 жылдан бастап осы тұлғалар жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыруы қажет.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталады, оның шеңберінде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінде, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен аталған тұлғалардың жұбайларында активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны, ал 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелер туындайды.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны "салық төлеушінің кабинеті" (kgd.gov.kz), eSalyq Аzamat мобильдік қосымшасын рәсімдеуге, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарына келіп қағаз түрінде не болмаса Халыққа қызмет көрсетуорталығы жіберуге немесе пошта арқылы жіберуге құқығы бар.

Бірінші кезеңдегі жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімі

қағаз түрінде-15 шілдеден кешіктірмей;  электронды түрде-15 қыркүйектен кешіктірмей.